Қазақстандағы Православиялық шіркеуінің миссионерлік қызметі
Кілт сөздер:
миссионерлік, православты миссионерлік, миссия, миссионерлік қызмет, прозелитизм, жаңа шоқындыру, миссионерлік алаң, миссионерлік қызметтің әдістері және формасы.Аңдатпа
Орыс Православиялық шіркеуінің қазақтар арасында таралуы тарихы бірден-бір күрделі және қарама-қайшылықты мәселелерді түзеді, бұл Қазақстанның Ресей мемлекеті құрамына енуі нәтижесінде пайда болған түбегейлі өзгерістермен, қазақ халқының өміріндегі саяси, экономикалық және рухани мәселелермен тікелей байланысты. Миссионерлік қызмет Ресей үкіметінің Қазақстанға деген саяси қарым-қатынасының маңызды тұсы болып табылды. Миссионерлік – орыс емес халықтарды христиандандырумен, монастырлық колонизациямен тығыз байланысты болды. Мақалада
православты шіркеудің әлеуметтік қызмет көрсету миссионерлігі бағытының, түрінің, формасының, мазмұнының және тиімділігінің ерекшелігін және әлеуметтік, мәдени, рухани-тәрбиелік қоғам өміріндегі шіркеу орнын объективті ашып көрсетуге, сонымен қатар қазіргі замандық ОПШ миссионерлік қызметінің негізгі факторларын анықтауға талпыныс жасалады.







