Қазіргі Қазақстандағы діннің рөлі
Кілт сөздер:
Қазақстан, мемлекет, дін, қоғам, жаһандану.Аңдатпа
Мақалада қазіргі Қазақстандағы діннің рөлі, сондай-ақ, қазіргі таңдағы қазақ жерінде етек алған діни құрылымдар қарастырылады. Себебі дін кез келген мемлекеттің бөліп-жаруға келмейтін әрі қоғамға, әлеуметтік-экономикалық дамуға өзіндік әсерін тигізетін фактор болып табылады. Елдегі жүріп жатқан барлық үдерістер қоғамның рухани құндылықтарының қалыптасуына тікелей әсер ететіндіктен, заманауи конфессиялық және конфессия реалдарының есебінен Қазақстан халқын біріктіруге қабілеттендіретін мемлекеттік саясатты жүргізу керектігі айтылады. Және де діни жағдайды мүмкіндігінше кеңінен, объективті түрде реттеу мен жүйелеу қажет екендігін ескере отырып, дінге мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, қолдау жасалу керектігі де сипатталады. Жалпы мақала тарихи фактілерге тоқтала отырып, заманауи үрдістердің дінге әсері нәтижесінде пайда болған діни өзгерістер жан-жақты сарапталады.
