Имам Матуридидің тәпсір іліміне қосқан үлесі
Аңдатпа
Мақалада «Китабут Таухид» және «Тәуилатул Құран» атты еңбектерінің авторы, кәламшы әрі тәпсірші ретінде танылған, атақты ғалым имам Матуридидің тәпсір тарихындағы орны туралы сөз қозғалады. Имам Матуридидің құран тәпсіріндегі ұстанымын терең түсіну үшін оның өмір сүрген дәуірінің әлеуметтік, мәдени және саяси жағдайынан хабар болу керек. Имам Матуридидің өмір сүрген кезеңі әртүрлі сенімдік мазхабтардың пайда болған, сенімге байланысты көптеген көзқарастардың өршіген уақытына тап келген. Осындай сәтте исламның иман негіздерін қорғау мақсатында құран аяттарын ақыл мен қисындық қағидалар негізінде тәпсір жасаған, еңбектерінде ақыл мен нақылды ұштастыра алған әйгілі теолог имам Матуриди болды. Мақалада әуелі сүнниттік бағыттағы құран тәпсірлерінің пайда болуы және олардың ерекшеліктері қарастырылады. Имам Матуриден бұрыңғы муфассирлердің құран тәпсіріндегі ұстанымы сөз етіліп, олардың тәпсір-тәуіл туралы көзқарастарына орын беріледі. Сондай-ақ, имам Матуридидің тәпсір-тәуіл туралы тұжырымы мен тәпсір іліміне қосқан үлесі баяндалады. Имам Матуридидің Тәуилатул құран тәпсірінің ерекшеліктері, оның құран аяттарын түсіндірудегі әдісі, өзінен кейінгі тәпсіршілерге көрсеткен ықпалы баяндалады.
Түйін сөздер: Имам Матуриди, құран, тәпсір, тәуіл, Тәуилатул Құран.
