Қазіргі әлемдегі жаңа исламдық ағымдар: идеологиялық жобалар және саяси қызмет

Авторлар

  • Н. Ж. Байтенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. А. Нуршанов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақала қазіргі әлемдегі жаңа исламдық ағымдар идеологиясын талдайды. Діни дүниетаным
қоғамдық сананың бір формасы ретінде сенушілерде әлеуметтік-саяси ұстанымдарын
қалыптастырады, ол өз кезегінде діни қатынастарға қатысты зорлық ұстанымдарын қолдану
абзал екендігін көрсетеді. Діни сауаттылық діни және дінтанулық білім алумен ғана шектелмейді,
ол сонымен қатар білімнің белгілі бір деңгейін ұйғарып, саяси сана және мәдениет, құқықтық
сана және мәдениет, өз халқы тарихы және әлемдік мәдениет туралы білімді, жалпы әлемдік даму
тенденцияларын, қазіргі геосаясат негіздерін қалыптастырады, өйткені бүгінгі таңда діни идеялар
белгілі бір геосаяси қызығушылықтар мақсаттарына қолданылады. Исламдық радикализм және
фундаментализмнің жағымсыз ықпалының заңды нәтижесі ретінде діни астарланған терроризм
қалпына көшетін экстремизм болып табылады. Бұл қауіпті құбылыстардың алдын алу мақсатында
нақты шаралар қабылдау керек. Радикализация және экстремизм мәселелерінің шешімі
философиялық-аналитикалық білімдерден бөлек терең теологиялық білімге ие кадрлармен
тығыз байланысты.
Түйін сөздер: исламдық радикализм, дәстүрлілік, фундаментализм, тұрақсыздық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-02