Қазақстан жастарының мәселелерін зерттеу мақсатында студенттердің билік және университет әкімшілігімен интернет коммуникациясын контент талдаy
Аңдатпа
Әдетте, студенттік жастар мәселелерін анықтау үшін жүргізілетін әлеуметтік сұраулар өзекті сұрақтарды әркез жедел анықтай бермейді. Сондықтан, бұл мақалада студенттерді мазалайтын негізгі мәселелер, олардың билік өкілдері мен ЖОО әкімшілігімен өздерінің маңызды проблемаларын шешуге тырысатын негізгі коммуникациялық арналары туралы ақпараттарды алудың қосымша тәсілдері зерттеледі. Негізгі арналар ретінде қазіргі таңдағы әрекеттілігі көпақпараттық көздер қарастырылды: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
және қазақстандық ЖОО ректорларының блогтары. Блогтар мен сайттар тек студенттердің
көңіл-күйлерін зерттеудің көзі ғана емес, сонымен қатар, студенттік ортадағы қайшылықтар
мен проблемаларды уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада студенттердің білім және
ғылым министрлігінің, ЖОО жетекшілерінің блогына жазу себептері зерттеледі. Білім және ғылым
министрлігі және жоғары оқу орындары ректорларының блогтарына студенттердің жазуларының
негізінде қазақстандық ЖОО тек 0,001% студенттері ғана өз мәселелерін ашық көтере алады
деген қорытынды шығарылды. Бұл студенттердің бұндай он-лайн коммуникацияларға сенімінің
төмендігімен, кері байланыс арналарының тиімділігінің төмен деңгейімен байланысты. Мақалада
студенттердің көтеріп отырған мәселелері мемлекеттің қызметінде қалай көрініс табатындығы
көрсетілген. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауларының, депутаттар
блогы, сұрауының контент талдамасы негізінде ел экономикасы үшін маман және білікті кадрлар
дайындау, түлектердің жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй мәселелері негізгі проблемалар екендігі
анықталды.
Түйін сөздер: студенттік жастар, Білім және ғылым министрлігі, депутаттар, блогтар,
студенттер мәселелері.
