Қазақ даласындағы білім берудің ағартушылық сипаты

Авторлар

  • А. Т. Құлсариева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті image/svg+xml
  • А. Д. Құрманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ұ. А. Тунгатова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада қазақ даласындағы мектеп-медреселердегі білім беру жағдайы, ағартушылық кезеңіндегі діннің рөлі мен орны сарапталды. Қазақтың ұлы ағартушылары Шоқан, Ыбырай, Абайдың еңбектері талданды. Қазақ халқының тарихын зерттеп зерделеуге қосқан үлестері, мәдениетіміз бен рухани өміріміздің ұлағатты ұстаздары ретінде саналатын тұлғалары зерттелді. Олардан қалған өшпес рухани мұралардың арасында ислам діні жөніндегі пікірлері, көзқарастары бүгінгі ұрпақтың назар аударуына әбден тұрарлық деректер ретінде негізделді. Сол тұста қазақ елінің болашағы, бағыт-бағдары қандай болу керек деген сұрақ қазақтың зиялылары мен көзі ашық азаматтарын қатты толғандыруда еді. Мұсылмандық Шығысқа бет бұру дұрыс па немесе Батысқа бағыт ұстап орыспен болған дұрыс па, осы сұрақтарға халқымыздың келешегі үшін жақсылығы мол жауап табу керек болды. Осы бағытта көптеген іс-шаралар, хат алмасулар орын алған болатын. Олардың бірқатары мақалада мысал ретінде келтіріледі. Қазақ зиялылары өз алдына білімді діни білім берумен ғана шектемей, осы діни білім арқылы қалыптасатын тәрбиелілік арқылы қазақ даласында зайырлы білім беру жүйесін қалыптастыруға тырысып бақты.
Түйін сөздер: ағартушылық, ислам, дін, мұсылмандық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-02