Қазақ мұсылман әйелінің әлеуметтік портреті: ретроспективасы жән қазіргі ахуалы

Авторлар

  • А. К. Болысбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазірде посткеңестік кеңістік мемлекеттері діни ренессанс процесін бастан кешіріп отыр. Қазақстан үшін бұл ислам дінінің қайта жаңғыруымен сипатталуда. Жетпіс жыл бойы басшылық еткен атеистік идеологияға байланысты діни салада пайда болған вакуумның нәтижесінде ғылыми және қоғамдық дискурста ислам діні бойынша түрлі қарама-қайшы ой-пікірлер орын алып отыр. Солардың бірі – қазақ әйелдерінің діндарлығы, атап айтқанда діни тәжірибені орындау және хиджаб мәселесі болып табылады. Аталмыш сұрақтардың уақытылы жауабын таппауы белгілі бір дәрежеде қоғамда әлеуметтік шиеленістің туындауына ықпал етуі ықтимал. Сол себепті осы зерттеудің мақсаты қазақ мұсылман әйелінің әлеуметтік портретін анықтау болып табылады.
Мақалада зерттеліп отырған мәселеге қатысты отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалынып, эксперттердің сұхбаттары сараланды. Сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы мұсылман әйелдің бет-бейнесін құрастыру мақсатында визуалды әдістер (фотосуреттерді талдау) қолданылды.
Зерттеу барысында ислам дінінің қазақ халқының өміріндегі рөліне тарихи-дінтанулық шолу жасалынып, тарихи дереккөздер негізінде мұсылман әйелінің ретроспективалық бейнесі құрастырылды. Сонымен бірге қазіргі кезеңдегі әйелдердің діндарлығының ахуалына талдау жүргізілді. Қазіргі таңда объективті себептерге байланысты қазақстандық мұсылман әйелдің бірегей әлеуметтік портретінің жоқ екендігі және болашақта Қазақстан халқының арасында исламдық бірегейліктің кең таралатындығы туралы болжамдар толығымен дәлелденді.
Болашақта алынған мағлұматтар дінтану, тарих, этнология, дін әлеуметтануы сынды пәндер үшін дәрістер дайындауға қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: мұсылман әйел, ислам, хиджаб, дәстүр, идеология.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-01