Қытай қазақтарының діни білім беру жүйесіндегі «Абақия» медресесінің орны
Аңдатпа
Мақалада Қытай қазақтарының діни оқу-ағарту жүйесі, соның ішінде Өр Алтайда негізі қаланып, сондағы қазақ зиялыларының шоғырын қалыптастыруға өшпес үлес қосқан «Абақия медресесінің» тарихы мен оқыту жүйесі туралы қысқаша зерттеу жасалынады.
Сондай-ақ, Қытай қазақтары арасынан ашылған медреселердің ашылуына түрткі болған қоғамдық-саяси жағдайлар, халықтың діни білімге деген қызығушылығы мен сол кездегі қытайдағы қазақ қоғамының рухани болмысы жөнінде қысқаша мағлұматтар баяндалады. Сол арқылы, бүгінгі күнде «Қытай қазақтары» аталып жүрген шекара сыртындағы қазақтардың рухани, саяси үдерісіндегі Абақия медресесінің орны мен рөлі жөнінде қысқаша дінтанулық баяндаулар жасалады.
Түйін сөздер: ислам, медресе, мешіт, усул жадид, усул қадим, мектеп.







