Адамның құндылық бағдары мәдениеттану мәселесі ретінде
Аңдатпа
Мақала бүгінгі таңдағы құндылық және құндылық бағдарларының мәселелеріне арналады. «Құндылық» және «құндылық бағдарлары» ұғымдарына анықтама беріледі және де олардың қалыптасуындағы алғышарттар көрсетіледі. Авторлар әлеуметтік, философиялық және мәдени ғылым саласында құндылық пен құндылық бағдарларының мәнін анықтайды. Авторлар құндылық мәселесін зерттеуде әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді салыстырмалы талдау жасайды. Құндылық бағдарларының негізгі параметрлері анықталады. Авторлар адам мінез-құлқындағы құндылық бағдарларының сипаттамаларын ашып көрсетеді. Құндылықтар мәселесін авторлар мәдени-антропологиялық тұрғысынан салыстырып қарастырған. Мақалада құндылықтардың мәнін зерттеуде мәдени-антропологиялық көзқарасты негіздеу мәселесі болып табылады. Сонымен қатар заманауи теория-әдістемелік әдісі құндылықтар әлемін зерттеуге арқау болады.
Мақалада құндылықтардың маңызы, құндылық бағдарлары, олардың адам мінез-құлқының қалыптасуындағы рөлі қарастырылады. Олар құндылық бағдарларының қалыптасуына мәдениеттің әсерін көрсетеді. Мақалада авторлар заманауи қазақстандық қоғамның мәдени-
антропологиялық тәсілі ретінде жеке құндылықтарды қалыптастыру мәселесін зерттеу
қажеттілігін негіздейді. Бұл тәсіл құндылықтар мен құндылық бағдарларының адам мінез-
құлығына, мәдениетаралық қарым-қатынасқа әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: мәдениет, құндылық, құндылық бағдары, ұлттық мәдениет, отбасы, еңбек,
білім, жастар, жаһандану, батыс, шығыс, қазақ, қоғам, мәдениетаралық қарым-қатынас.







