Ұлттық мәдениет тілі: қазақтардың дәстүрлі киімі

Авторлар

  • A. S. Zhanbatyr Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • T. H. Gabitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану заманында әлемдегі әрбір ұлт өзінің жеке этникалық ерекшелігін қорғау үшін күресіп бағуда. Бүгінгі күні қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық киімі сияқты мәдени құндылықтарын сақтап қалу мәселесі өте өзекті болып тұр. Жаһандану дәуірінде елдің абырой-мәртебесін қалыптастыру мәселесі екі концепцияға сүйенеді. Біріншісі, постиндустриалды әлеуметтік құндылықтарды жұтатын «жаһандық» қоғам, екіншісі, тарихтың тереңінен бастау алатын ұлттық мәдени құндылықтарға сүйенетін «ұлттық» негіз концепциясы. Бұл мақаланың негізгі идеясы қазақтардың дәстүрлі ұлттық киімі мен олардың атауларына байланысты.
Сымбат әлемінде дәстүрлі мен заманауи үдерістердің арақатынасын анықтауға және ежелгі түркілік рәміздік мәндерге толы дәстүрлі қазақ киімінің XXI ғасырдағы батыс сымбат әлемімен қатарласа өмір сүру қабылетін талдауға бұл мақалада талпыныс жасалынды. Зерттеу тіл білімі, этнография және мәдени антропология ғылымдарының тоғысында жүргізілді. Зерттеудің әдістемелік және әдіснамалық негізі ретінде қазақстандық, ресейлік және шетелдік жетекші ғалымдарының еңбектері алынды. Мақала авторларының пікірінше, әлемдік мәдениетте болып жатқан ассимиляция, жаһандану және модернизация үдерістеріне қарамастан, қазақ халқының ұлттық мәдениет тілі сақталып, болашақ ұрпақтарға табысталуы тиіс.
Түйін сөздер: ұлттық мәдени құндылықтар, этникалық, дәстүрлі киім, қазіргі заман, мәдениет тілі.

Жарияланды

2018-06-15