Қазақ әйелі тарихының әлеуметтік-мәдени аспектісі

Авторлар

  • З. Ж. Жаназарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Әйелдің жеке басын тәрбиелеу проблемалары жаңаша ойлаудың терең негізіне әсер етеді.
Сондықтан қоғамдағы әйелдер мәселесін шешу үшін сырттай көрінетін өзгерістер жеткіліксіз,
олардың тұлғалық өзгеруіне мән беру маңызды, себебі әйелдің ішкі дүниесінде оның мінезінің
ең жақсы қасиеттері жатыр. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында отбасындағы және
қоғамдағы қазақ әйелнің рөлін қарастыру өте қажет, себебі Қазақстандағы әйелдер мен
қыздардың құқықтарын жалпы адамдық құқықтардың ажырамас және бөлінбейтін бөлігі
ретінде мойындау әлі күнге дейін қоғамдық санада қалыптаспаған. Әйелдердің республика
деңгейінде, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне толық және тең қатысуы
Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты болуы тиіс. Және бұл, ең алдымен, әйелдің тұлға ретінде қалыптасуына әсер
етеді.
Түйін сөздер: әйелді тұлға ретінде тәрбиелеу, әлеуметтік-саяси өмір, әйелдердің жағдайын
жақсарту, қазақ әйелі.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-15