Гуманизм әлеуметтік құндылық ретінде
Кілт сөздер:
әлеуметтік құндылық, құндылық, гуманизм, биоэтика, адамгершілік, қоғам.Аңдатпа
Бұл мақалада гуманизмқұбылыс, әлеуметтік құндылық ретінде қарастырылады. Гуманизмнің кеңінен таралған әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде тарихы мен оны түсінудің негізгі тәсілдері келтіріле- ді. Ізгілік көп мағыналы ұғым, әрі оның көптеген анықтамалары бар. Пол Куртцтың көзқарасына сай гуманизмнің өзіне әлеуметтік құн- дылықтардың бірқатары кіреді. Гуманизм тарихы дау-дамайлардың мәні болып табылады, оның барлығына ортақ даму хронологиясы жоқ, сондай-ақ гуманизм тек еуропалық мәдениеттің ғана тумасы болып табылмайтындығын түсінген жөн. Белгілі бір дәрежеде ізгілік- тің «өнімдері» ақсүйектер ізгілігі («діни танымдар» ретінде түсініледі), жасанды тілдер (эсперанто) болып табылады. Гуманизм проблемала- рын биология тұрғысынан да қараған жөн. Осының барлығы өз ке- зегінде адамгершілік, биоэтика проблемасымен тікелей байланысты. Сондай-ақ мақала авторы қазақстандық ғалымдардың ізгілік пробле- масын шешуге қосқан үлесін де қарастырады. Қазақстандық қоғам- дағы заманауи гуманизм парадигмасының әлеуметтік бағытталу ма- ңыздылығы да аталып өтті. Әлемдік тәжірибені және өз ұқсастығын ескере отырып оны пысықтауға деген саналы әдістер қажет.
