Қараханилер басшылық кезеңіндегі ислам философиясы
Аңдатпа
Бұл мақалада қараханилер әулетінің билігіндегі Орталық Азия мен Қазақстан териториясындағы ислам философиясына қатысты мәселелер қарастырылады. Түркістан, Самарқан мен Исфиджаб сынды көне қалаларда өмір сүрген ислам құқықшылары мен философтарының арасында қарым-қатынасты көруге болады. Бұнда зерттелетін мәселе сол қараханилердің билік уақытындағы ислам философиясы мен діни философия мәселелеріндегі Орталық Азия мұсылман қоғамының ой-пікірлерінің ерекшеліктеріне арналмақ.
Осы кезеңдегі ислам философиясының негізгі ерекшеліктері оның дінмен ұштасуында. Көптеген философтар діни қызметкерлер болған. Кей жағдайларда олардың беделі мемлекеттік қайраткерлерден жоғары болған. Ортағасырлық ислам дінінде Құдай – абсолюттық бейне, ол жалғыз. Ал адамға келсек ол – наным-сенімді біріктіруші тұлға. Исламдағы өмір түсінігі жеке тұлғаның дамуынан тұрады. Бұнда адам жаңа бір бейнеде көрінеді.
Түйін сөздер: фиқһ (дін негіздері), ислам, философиялық идеялар, мұсылман дінінің құқықшылары, орта ғасыр, ислам ой-пікірлерінің теориясы.







