Этникалық репатриацияның халықаралық тәжірибесі: салыстырмалы талдау (Қазақстан, Қырғызстан және Қытай мысалында)
Аңдатпа
Авторлар мақалада қайта оралу, қоныс аудару, бейімделу, қайтып келген этникалық топтардың
тарихи отанына интеграциялану мәселесін зерттеу үшін этникалық көші-қонның халықаралық
тәжірибесін (Қазақстан, Қырғызстан және Қытай) мысалында қарастырды. Мысалдарды таңдау
«ең ұқсас мысал дизайнына» негізделеді (John Stuart Mill әзірлеген MSSD) яғни, ұқсас бірақ әр
түрлі нәтиже берген мысалдарды салыстыруға бағытталған.
Репатриация бағдарламаларын салыстырмалы талдау негізінен ресми құжаттардың
(конституциялар, заңдар, ресми мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет басшыларының
жарлықтарының) мәтіндерін және қайтып оралғандарды әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік
интеграциялау туралы материалдардың (социологиялық зерттеулердің нәтижелері) зерттеуге
негізделгенін атап өту қажет.
Түйін сөздер: репатриация, көші-қон, салыстырмалы талдау, оралмандар, иммигранттар,
отандастар, қайрылмандар, қайтып келгендер, диаспоралар.
