«Рәміз» түсінгі және діни рәміздер ерекшілігі

Авторлар

  • Ж. Д. Мустафина Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Қ. М. Борбасова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Т. Мәден Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Мақалада дін феноменологиясының негізгі категориялары – «рәміздер» мен «діни рәміздер» қарастырылады. Рәміз түсінігіне берілген әр кезеңдегі философтардың тұжырымдарына сүйене отырып, рәміздердің әмбебаптылығы талданды. Әмбебап рәміздің түрлі дәуірдің, діннің, мәдениет пен өркениеттің сұранысына жауап беруге қабілеттілігі дәлелденеді. Рәміздердің қалыптасу себептері мен негізгі шарттарын ашу барысында рәміздің анықтамасына қатысты ортақ пікірдің жоқтығы ашылды. Ғалымдардың бір тобы рәміз дүниені танудың құралы және мәдениеттің әмбебап заты деп сипаттаса, екінші топ – мәдениетпен бұзылатын онтологиялық шынайылық ретінде түсіндіреді. Авторлар діни рәміздердің үш негізгі ерекшеліктерін талдау арқылы оның діни сананың сұраныстарына жауап беретіндігін дәлелдейді. Рәміз дінге сенушілердің сана-сезіміне жоғары тылсым күш туралы түсініктерді қолжетімді етеді, шынайы өмірде жоқ діни нысандарға «өміршеңдік» береді, олардың көрініс беруін қамтамасыз етеді деген тұжырым жасалады. Түйін сөздер: рәміз, діни рәміз, діни сана, діндарлық, діни құндылық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-02