Журналдық жарнамадағы гендерлік стереотиптер

Авторлар

  • А. Р. Масалимова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. К. Наисбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық санада гендерлік стереотиптерді қалыптастыруға және қабылдауға айтарлықтай ықпалын тигізеді, өйткені бүгінгі күні олар тек маңызды мемлекеттік мекеме ғана емес, сонымен қатар ақпарат беру және қабылдау арнасы болып табылады. Міне, сондықтан олар бұқаралық қоғамдық санаға әсер етудің біреуі ретінде қарастырылады. Демек, жарнамалық мәтіндерде және сюжеттерде кездесетін гендерлік кескіндер мен стереотиптер қарапайым азаматтардың көңілінен шығады. Мақалада қазіргі заманғы жарнамадағы гендерлік стереотиптердің дамуының негізгі тенденциялары көрсетілген; қоғамдағы стереотиптік ойлау мәселесі, Қазақстан, Ресей, Украина материалдары бойынша посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық санада бекітілген ерлер мен әйелдердің жалпы әлеуметтік стереотиптері мен суреттері ұсынылған. Қазіргі заманғы жарнамалық тәжірибеде гендерлік кескіндер мен стереотиптердің құрылысын зерттеу мақсатында біз орыс тілінде шыққан түрлі елден шыққан журналдарда баспа (журнал) жарнамаларының мысалдарын іріктеп талдау жасадық.

Түйін сөздер: жарнама, жарнама кеңістігі, гендерлік стереотиптер, гендерлік кескіндер, гендерлік рөлдер, гендерлік таңбалар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-02