Матуриди ақидасының ақыт үлімжіұлы шығармаларында көрініс табуы

Авторлар

  • Қ. С. Ержан Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • М. Махмет Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Қазақтың атақты ойшылы Ақыт қажы Үлімжіұлының діни көзқарасын ашу үшін, алдымен оның алған діни білімін, жазған еңбектерін, көтерген діни тақырыптағы мәселелерін дәстүрлі тарихи уақыт ағымы мен сол заман тұрғысында пайымдау қажет. Ақынның Құран Кәрім мен хадис-шарифтерге негізделе отырып жырлаған өлеңдеріндегі діни философиялық ұстанымды дінтанулық тұрғыдан анықтау – бұл мақаланың басты міндеті болмақ. Мақалада Ақыт қажының діни дүниетанымының Матуриди сенімдік мазһабымен сәйкестігін талдау мақсат етілген. Мақалада Өр Алтайдың күнгейі мен теріскейінде медресе салып бала оқытқан ұстаз Ақыттың діни ұстанымының қазақ халқының дәстүрлі діни жүйесімен сәйкестігі, Матуриди ақидасымен рухани үндестігі жөнінде салыстырмалы дінтанулық талдау жасалынады.

Түйін сөздер: Ақыт, дін, мәзһаб, кәләм, фикһ, ақида, тұлға, мектеп, салыстыру.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-02