Жаһандану жағдайында ТМД елдеріндегі мемлекет және дін қатынасы
Аңдатпа
Авторлар ТМД елдеріндегі мемлекет пен дін арасындағы қатынастардың ортақ және нақты ерекшеліктерін қарастырады. Ол бұрынғы Кеңес Одағының еуропалық бөлігінде, сондай-ақ Кавказда діннің қоғам мен мемлекет мүдддесіне қолданылатынын сипаттайды. ТМД елдеріндегі діни жағдай туралы өз пікірін ұсынады. Қазіргі әлемде мемлекеттің діни жағдайы мен конфессияралық қатынасына ықпал ету белді саяси ойыншылардың негізгі құралына айналды. Бұрынғы кеңестер одағы аясындағы елдердің қоғамдық-саяси өміріндегі діннің орны мен рөлін зерделеу бүгінгі дінтанулық зерттеулер үшін маңызды болып табылады. Жаһандану заманында діннің саясатқа ықпал етуі, яғни діннің саясилануы нақты мемлекеттің дін саласындағы саясатымен байланысты көрінеді. Қазіргі таңда ұлттық сананың өсуі діни сана мен діни мінез-құлыққа да ықпал етуде. Зайырлы мемлекеттік қағиданы ұстанатын елдерде дін мемлекет халқын ұйыстырушы тұғыр ретінде қаралуда. Қоғамдық өмір мен қоғамдық психологияға діннің ықпал етуі, тұрақты діндарлықтың қалыптасуы және діндарлық құрамы мен құрылымының өзгеруі, жаңа діни ілімдердің таралуы, мемлекеттің дін саласын реттеу тетіктерін жетілдіруі және қадағалауды күшейтуі достастық елдеріндегі діни ахуалдың басты ерекшелігі. ТМД елдерінде дін мемлекеттік және ұлттық бірегейліктің, қауіпсіздік пен ұлттың рухани бірігуінің негізгі тұғырының бірі ретінде қарастырылуында. Сонымен қатар, дін мемлекеттіліктің, қауіпсіздіктің және рухани дербестіктің, дипломатияның маңызды мәніне айналды. ТМД елдеріндегі дін саласындағы үдерістерді зерттеу мен талдау осы аймақтағы діни суреттеменің нақты жағдайын пайымдауға жол ашады.
Түйін сөздер: зайырлы, мемлекет, дін, діни жаңғыру, пост кеңестік елдер, Украина православ шіркеулері, Кавказ, діни қауымдар, ТМД діни жағдай, саясат, көпконфессионалдық, мультикультурализм, жаһандану
