Қазақстандағы мормондар шіркеуі

Авторлар

  • Н. С. Әлтаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Қ. А. Затов Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Мақала Қазақстандағы мормондар қауымдастығының қызметі мен ішкі өміріне арналған. Алынған қорытындылар авторлардың жүргізген іштей және сырттай бақылау барысындағы пікірлеріне негізделген. Бақылау «Иса Мәсіхтің Соңғы замандағы әулиелер шіркеуі» «Қазақстандық Алматылық приходында» 2017 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін жүргізілді. Қауымның мүшелерімен қарым-қатынас жексенбілік құлшылық кезінде, ағылшын тілі курстарында және қосымша шараларда жүзеге асты. Осы алынған қорытындыларды талдап, авторлар келесі қорытындыға келеді. Мормондар – Қазақстандағы жаңа діни ұйымдардың әдеттегі өкілдері. Олардың шіркеуі жабық, бірақ елеулі күшке ие. Бұл күш – қауымдастықтағы жеткілікті жайлы психологиялық атмосфера, шіркеу мүшелерінің өздерін қауіпсіздікте сезінуі, құрмет, мәртебеге ие болуы, жеке өзін-өзі дамыту қажеттіліктері қанағаттандырылатын ілімнің және діни тәжірибенің ерекшеліктері. Осы зерттеу нәтижелеріне қарай отырып, мормондар өздерінің сенімдеріне мықты екенін ауыз толтырып айтуға болады. Сондай-ақ мұндай өз сеніміне берілгендік өз еркімен жүзеге асады. Зерттеу барысында қарапайым мормондардың шіркеу басшылары тарапынан мәжбүрлеу болмағаны да анықталды.

Түйін сөздер: дін, жаңа діни қозғалыстар, мормондар, «Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі», миссионерлік, Қазақстандағы мормондар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-02