Кеңес өкіметінің мұсылмандық оқу орындарына қатысты жүргізген саясаты туралы
Аңдатпа
XX ғ. алғашқы жартысында қазақ халқы бодан болып отырған Ресей империясында революциялық төңкеріс жасап билікке келген большевиктердің атеистік түсінікте болуы және ғылыми тұжырымдамаларының матералистік көзқарасқа негізделуі кеңестік қоғамтану ғылымында теріс тұжырымдар мен түсініктер қалыптастырды. Ол мәселен, дінді мәдениетке қарсы қою, көнеден келе жатқан діни дәстүрді жоққа шығару, оған қарсы құрал ретінде атеистік үгіт-насихатты кең түрде жүргізу, мәдениет пен руханияттың өзегі – әлем мойындаған діннің өзін түбегейлі жоққа шығарушылық, оның адамгершілік, ізгілікке бастар мәнін түсінбеу, оның орнына ешқандай тамыры да, бастау-көзі де жоқ коммунистік қоғам және жаңа атеист адам тәрбиелеу партияның түпкі мақсаты болды. Нәтижесінде КСРО-да бейрухани тарих пен дінсіз социалист мәдениет жасалынды. Бүгінгі таңда адам санасына діннің күні бітті деген ойларды сіңірген. Дінсіз Кеңес үкіметі жоқ. Саяси құрсаудан құтылған халық ой еркіндігін алғаннан кейін, қоғамдық санада діни мәселелермен байланысты ізденістер пайда болды. Қоғамдық ғылымдар саласында қоғам өміріндегі діннің қызметі және орны; қоғамдық тәрбие ісіндегі әр түрлі діндердің өнегелі құндылықтарын пайдалану мәселесі; діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас принциптеріне байланысты сұрақтар қарастырыла бастады. Көп ұлтты және көп дінді Қазақстан Республикасы үшін мұндай сұрақтардың нақты жауабын табудың қажеттілігі мол.
Түйін сөздер: КСРО, Ағарту Халық комисариаты (АХК), Бүкіл Одақтық Атқару комиссариаты (БОАК), Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының орталық комитеті (РК(б)П ОК), Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты (ҰІХК).
