Діни толеранттылық және оның қоғамды біріктірушілік қызметі

Авторлар

  • Т. Қ. Абдрасилов Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Қ. Қ. Қалдыбай Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ж. Е. Нурматов Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Аңдатпа

Бұл мақалада діни толеранттылық пен дінаралық келісімнің, діни зайырлылық пен діни моральдің қоғамдағы консенсустық, қоғамды біріктірушілік қызметі сараланып, бұл игілікті бағдардың пайда болуының алғышарттары қарастырыла келе, діни толеранттылықтың еліміздегі тарихи діни сенімдердегі діни өзара келісімділік мәселелерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі осы ахуалдың мән-жайы қарастырылды. Сонымен қатар дін аралық татулықтың Қазақстандағы қазіргі келбетінің ресми көрінісі мен бұқаралық санадағы жалпы бейнесі дінтанулық тұрғыдан талданып, оның құндылықтық сипаты таразыланды. Конфессия аралық өзара келісім жағдайында Қазақстанда діни толеранттылықты одан әрі арттыру бағдарының, алдымен болуы ықтимал қатерлері сараланып, діни толеранттылықты одан арттырудың перспективасы болжамданды.
Түйін сөздер: дін, толеранттылық, жаһандану, конфессия, діни дүниетаным.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-31