Баланың дүниеге келуіне қатысты қазақ халқының дәстүрлері мен салттары
Аңдатпа
Мақалада авторлар қазақ халқындағы баланың туылуы кезіндегі ырымдар мен бала дүниеге
келген соң жасалатын салт-жоралғылары мен ырым-нанымдары жайында кеңінен сөз қозғайды.
Еңбектің мақсаты эпостық жырларда орын алатын баланың дүниеге келуі, жайлы түс көру, киелі
орындарға барып түнеу және аян беру, бесікке салу кезіндегі жасалатын кәделер мен ырымдар,
тұсаукесудің мағынасы жан-жақты қарастыру. Қарастырылып отырған тақырып төңірегінде
осыған дейін баршама еңбектер жазылғанына қарамастан, бұл жұмыста авторлар бірінші рет
аталған салт-дәстүрлерді фольклорлық, рәмізділік және дүниетанымдық бастамалармен тығыз
қатынаста қарастыруға талпынған. Одан бөлек, мақалада қазақ мифтері мен ертегілерінде
сақталған көне сенімдердің шығу генезисіне де тоқталынады. Еңбекте бала тууына байланысты
атқарылатын салт- дәстүрлердің рәміздік негіздері фольклорлық, дүниетанымдық бастамалармен
сабақтастырыла талданған. Сонымен бірге аталған дәстүрдің діни-нанымдық негіздеріне жүйелі
талдау жүргізілген. Жұмыстың өзектілігі – осыған дейінгі белгілі болған дәстүрлер бірізді
жүйелікпен ауызекі әдебиетте сақталған дәстүрлермен қатар қарастырылуында. Еңбектің тағы
бір ерекшелігі аталмыш тақырыпта қалам тартып жүрген шет елдік еңбектерге талдау берілген.
Жұмыстың қорытындылары мен нәтижелерін болашақта осы тақырып аясында антропологиялық
зерттеулер жүргізу барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: әдет-ғұрып, бесік, ит көйлек, нәресте, шілдехана.
