Әл-Фарби музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы туралы
Аңдатпа
Бұл мақалада әл-Фарабидің музыка өнерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы туралы мәселелер тереңірек қарастырылады. Сонымен қатар, әл-Фарабидің жалаң орындаушы ғана емес, аса ұлы музыка зерттеушісі, асқан теоретик болғандығы нақтыланады. Оның «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бір ауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін еместігі айқындалады. Әл-Фарабидің музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектерін салыстырмалы түрде қарастырғаны сипатталады. Әл-Фараби музыка ғылымын, теорияны оның практикасымен, яғни музыканы шығару, орындаушылық т.б. таза практикалық мәселелермен шатастырмау керектігін айтады. Мәселен, бұл еңбекте музыканың теориясы мен практикасында қазіргі қолданылып жүрген екі тонды музыкалық жүйенің бастамасы бар екендігі анықталады. Мұнда ғылымның философиялық мәселелері мол қамтылған, физика-математика туралы да соны-соны пікірлер мен қағидалар айтылады, сонымен қатар музыканың тәжірибелік және теориялық маңыздылығы нақтылап көрсетіледі.
Түйін сөздер: музыка, ырғақтар, тәжірибе, әуендер, музыка теориясы, эксперимент, акустика, өнер, сезім, музыкалық интервалдар.







