Апология және ақталу этикасы
Аңдатпа
Апология ақталуды қоғамды қирататын индивидтің жалған және жағымсыз позициясы ретінде сипаттайды. Мысалы антикалық түсініктегі apologia ақталудың субъектіге деген моральды-психологиялық басушылықсыз бірлестіктегі болмысты сақтап отырған. Батыстық мәдени дәстүрдегі apologia-ның апологияға айналуы ақталу этикасының рационализациясы және индивидуализациясы сынды тарихи процесстерінің салдарынан туындады. Өз кезегінде ол индивидті, Басқаны (Другого) әлеуметтік және тұлғалық болмыстың онтологиялық кепілдемесі ретінде мойындау мәселесіне тіреп қойды. Көшпенділер мәдениетінде ақталу қоғамдастыққа еш қауіп төндірмеді, керісінше қазақтардың көшпенді құқық нормаларында бекітілген бірлесе өмір сүрудің моральдық шарты ретінде қызмет етті деуге болады. Мысалы, «Кешірімді болу» немесе «Сөзге тоқтау» түсініктері ақталу сөздерін қажет етпейтін өмірлік ұстанымдарды айтуға болады. Мақаланың басты мақсаты апология және apologia түсініктерінің ерекшеліктерін ақталу этикасының батыстық және шығыстық (қазақи-көшпенді) типтерінің мәдени маркері ретінде айқындау болып табылады. Жұмыстың теоретикалық және әдіснамалық негізі ретінде ұлттық мәдениет ерекшеліктерін, әлеуметтілік, этика мәселелерін қамтитын шетелдік және отандық зерттеулер табылды. Мақаланы зерттеу барысында тарихилық, анализ әдістері, сонымен қатар феноменология және герменевтика принциптері пайдаланылды. Зерттеу материалдарын жоғары мектептің ғылыми-педагогикалық практикасында, ұлттық мәдениеттің, қазіргі заманның этикалық және философиялық мәселелерін талқылауға бағытталған білім беру технологияларын жасау барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: апология, ақталу, логос, этика, көшпенділік құқық.
