Батыстық модернизация теорияларының тарихи-философиялық тәжірибелері

Авторлар

  • С. Қайратұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ә. Құранбек Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Зерттеу мақалада батыстық модернизация теориялары мен үдерісі әлеуметтік-философия- лық тұрғыдан зерделенеді. Модернизация теориясы дәстүрлі не қалыс қалған қоғамның қазіргі қоғамға трансформациясын танымдық сипаттау сараптамасында қарастырылады. Модернизация теориялары көбіне батыстық қоғамның әлеуметтік-мәдени, саяси модельдерінің жаппай трансформациясын, оның әлемдік тәртіпті орнатуға ықпалын айшықтау тұрғысынан дәйектелетіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында модернизация үдерісінің қазіргі заманғы адамзат қоғамында алар орны бағамдалып, оның ғылыми-теориялық және философиялық қырларын анықтауға талпыныс жасалды. Батыстық модернизация теорияларын зерделеудің нәтижелері модернизация үдерісінің қазіргі ғылым салаларындағы аса көкейкесті, терең ғылыми-теориялық талдауды қажет ететін мәселе екенін көрсетеді. Қазіргі кезде модернизация көпқырлы әлеуметтік құбылыс ретінде жеке адам мен қоғамның өміріне, саяси- экономикалық, әлеуметтік-мәдени және рухани салаларына терең тамыр жайды. Модернизация мәселесінің әлеуметтік-философиялық негіздерінің әртүрлі аспектілерін жан-жақты талдау – жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекеттің өзіндік стратегиялық жобаларын сақтау мәселелерінен бастап, модернизация үдерісінің ұлттың сана-сезіміне әсер ету мүмкіншіліктерін айқындау секілді сан қырлы мәселелерден тұратындығын айқындайды.

Түйін сөздер: модернизация, батыстық модернизация, капитализм, дәстүр мен жаңашылдық, әлеуметтік философия.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-28