Әл-Мәтуриди мен әл-ашғари сенімдеріндегі бақыт және бақытсыздық түсінігі

Авторлар

  • Б. Қ. Бейсенов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Т. У. Юлдашев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Н. Мұқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада ислам ілімі мен мәдениетіндегі әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари сенім жүйесіндегі бақыт және бақытсыздық ұғымдары исламтанулық зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Авторлар адам бақыты мен бақытсыздығы жайлы әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари көзқарастарының ерекшеліктерін пайымдайды. Ислам дінінде бақыт ұғымы кеңінен және жан-жақты түсіндірілген. Ислам ілімінде бақыт кімге берілсе ол адамға барлық жақсылық берілген болып есептеледі. Бақыт кімге берілмесе ол адамға ешбір жақсылық берілмеген болып табылады. Дүниенің материалдық байлықтары адамның өмір сүруін жеңілдетуі мүмкін, бірақ адамды толық бақытты ете алмайды. Бақыт – бұл Жаратушы тарапынан берілетін сый. Әл-Мәтуриди мен әл-Ашғари сенім бағыттары арасындағы бақыт пен бақытсыздық ұғымының айырмашылығы көрінісінің бірі мәтуридилер адамның өмір сүріп тұрған сәтімен өлшесе, ашғарилер адамның соңғы уақыттағы іс-амалдарымен бағалайды. Әл-Мәтуриди адамның өмір сүріп тұрған қоршаған орта оның иманды немесе имансыз болуына әсер ететінін айтады. Қоршаған орта діндар болса, онда сол адам да иманға бейім болады. Егер қоршаған орта діннен алыс болса, онда тәрбиеленіп жатқан адам да діннен алыс болады. Демек, әл-Мәтуридидің ұстанымы бойынша пенденің ақыреттегі бақытты немесе бақытсыз болуы оның өскен ортасына байланысты қарастырылады. Бақытты адам қоршаған орта әсері нәтижесінде бақытынан айрылуы мүмкін. Сондай-ақ, бақытсыз адам да қоршаған орта ықпал-әсері нәтижесінде бақытты болуы мүмкін. Әл-Ашғари сенім бағыты бойынша адамның бұрынғы жағдайы оның бақытты немесе бақытсыз екенін көрсетпейді, пенденің соңғы амалдары оның бақытты немесе бақытсыз екеніне дәлел болады деп көрсетіледі. Егер пенденің соңғы істері имандылықпен аяқталса, демек, оның бұрынғы істері де имандылықта болған деп, пенденің бақытты болуы оның соңғы сәтімен байланыстырады. Егер пенденің соңғы істері дінсіздікпен аяқталған болса, оның өмірі құлшылықтар мен ізгіліктерге толы болса да, оның өмірі имансыздықта өткендігі соңғы сәтпен байланыстырады. Түйін сөздер: Мәтуриди, әл-Ашғари, ақида, дін, ислам, бақыт, бақытсыздық, иман.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-28