Жаһандану кезіндегі кейбір батыстық және шығыстық білім беру жүйесінің жақындасу ерекшеліктері туралы

Авторлар

  • M. S. Ashilova Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті image/svg+xml
  • K. K. Begalinova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. S. Begalinov Халықаралық бизнес университеті image/svg+xml , International Business University image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада жаһандану кезіндегі әлемдік білім беру жүйесіндегі интеграциялық үрдістер туралы мәселелер көтеріледі. Әлемнің коммуникативтік және ақпараттық байланысын күшейтудегі жаһанданудың объективті мнездемесі көрсетіледі. Батыстық және шығыстық білім берудің жақындасуының жағымды және жағымсыз жақтары сарапталады. Бұл әртүрлі білім беру жүйелерінің жақындасуы жалпы білім берудің әлеуметтенуінің өсуіне ықпал етеді және оның ұлтаралық, интеграциялық деңгейге жетуіне мүмкіндік береді. Мақалада жаһандану және білім беруді интернационализациялау ұғымдарының онтологиялық мазмұны батыстық және шығыстық білім берудің байланысы және өзгешелігі контексінде ашылады. Авторлар қазіргі уақытта білім беру үлгілерінің сапалық тұрғыдан өзгеруін атап өтеді. Оның негізгі мақсаты ақылды адамды ақпараттық мәдениеттің бір элементі ретіндегі тұтынушы адамға айналдыру болып табылады. Бұл жағдайдың себебі не және бұл үрдісті қалай тоқтатуға болады деген мәселе мақалаға негіз болып отыр.

Түйін сөздер: жаһандану, білім, батыстық білім беру, шығыстық білім беру жүйесі, эволюция, тоқырау, интеграция, тәрбие, білім-ақпарат, фундаментализация, гуманизация, гуманитаризация.

Жарияланды

2018-05-28