ЕАЭО ішкі және сыртқы сауда айналымының даму қарқыны

Авторлар

  • С. Ш. Мусатаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылуы мен қызмет етуі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында жүруде. Соған қарамастан, ЕАЭО ішкі және сыртқы саудасы соңғы жылы қарқынды өсуде. Ғылыми-зерттеудің мақсаты – ЕАЭО ішкі және сыртқы саудасының дамуын талдау.
Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы – ЕАЭО қызмет етуі Европа мен Азияның жан-жақты дамуына, әлемдік экономиканың дағдарысты еңсеруіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, посткеңестік елдердің бірлесіп дамуына да жаңа серпін береді. Бұл мәселелерді саясаттанулық зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы күмән тудырмайды.
Зерттеудің әдіснамалары салыстырмалы және жүйелі, контент және ивент талдауларға негізделген.
Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары: ЕАЭО ішкі және сыртқы саудасының мәселелері мен ерекшеліктерін танып-білу, ғылыми нәтижелер ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамытуға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы – Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестерді дамытуға өзіндік үлес қосады.
Түйін сөздер: ЕАЭО – еуразиялық экономикалық одақ, ішкі және сыртқы сауда, интеграция.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-23