Толеранттылық феноменін зерттеудің алғышарттары
Аңдатпа
Берілген мақаланы жазу барысында толеранттылық халықаралық, қоғамдық және тұлғааралық қатынастардың маңызды талабы ретінде қарастырылды. Мақаланы жазудың мақсаты әлемдік қауымдастықтағы күрделі халықаралық қатынастардың, конфессияаралық және мәдениетаралық қарым-қатынастардың тиімді әрі әділетті болуының бірден-бір шарты болатын толеранттық қағидаты ғылыми тұрғыдан түсіндіруді, пайымдауды қажет етеді. Басқа этностардың, діндер мен мәдениеттердің өкілдеріне деген құрмет, тең қарым-қатынас, төзімділік – бұл өркениеттің жемісті болуының бірден-бір шарты. Толеранттылықты өзінше бір мақсат ретінде қарастырмау қажет, ол бір қоғамда бірлесіп тіршілік етудің белгілі бір құралы, тетігі болуы керек. Төзімділік ретінде түсінілетін толеранттылық адамдардың бір-бірін, белгілі бір топтарды құрметтеп, оларға төзімділікпен қарауын, мәртебесін, құқықтарын бағалап, сыйластықпен ықылас білдіруін көрсетеді. Ол – мәдениеттердің сұхбатын, ымыраға келуді, бейбіт тіршілік етудің басымдылық ретінде ұстанатын жағдайдың сипаты. Мақаланы жазу барысында тарихи-философиялық әдістер, салыстырмалы талдау әдісі қолданылды.
Түйін сөздер: толеранттылық, жаһандану, мәдениет, қоғам.
