Діни тұлған типологизациялау мәселелері

Авторлар

  • Ш. Е. Дуанаева Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университеті
  • А. Әділбаев Нұр Мүбарак Ислам университеті
  • Е. Қалмахан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ж. Ишмаханов Нұр Мүбарак Ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Мақалада «діни тұлға» ұғымы, оның заңдылықтары (діни сана және діни әрекеттер мен діни қарым-қатынас) жөнінде талдау жасалынып, діни тұлға типтерінің классификациялау себептерін айқындау мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, ресейлік және шетелдік авторлардың діни тұлға типтер классификациялары қарастырылған. Әртүрлі авторлардың діни тұлға ұғымына берген анықтамалары мен олардың типологиялық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылып, теориялық талдау жасалынды. Мақаламыздың мақсаты, діни тұлға типтерін бөліп, оларды қандай да бір бағалаушы критериймен классификациялаудың себептерін анықтау болатын. Аталмыш тақырыптағы мақаланың ғылыми және тәжірибелік мәні – осы саладағы зерттеу жұмыстары үшін тұлғаларды белгілі бір типологияға жіктеу бағалаушы инструмент рөлін атқарады. Типологияның негізгі мақсаты – қарастырып отырған объектінің методикалық зерттеуін реттеу және оның тәжірибелік мәнділігін жоғарылату болып табылады. Кез келген типология жүйесінің негізі – адамдар арасындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктердің бар екендігін көрсету және олардың айырмашылықтарын анықтау. Мақаламызда, шетелдік және ресейлік авторлардың діни тұлға типологияларына салыстырмалы талдау және классификациялау әдістері қолданылды деп айта аламыз. Жасалынған жұмыстың құндылығы, әр типті тұлғалардың ортақ құндылықты ұстанымы болған дінге деген қатынасын анықтайтын индивидтердің ұқсас және жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оларды белгілі бір типтерге жіктеу. Аталмыш тақырыптағы зерттеулер үшін біздің жұмысымыз қосымша бағдар ретінде, яғни, діни тұлғалардың типтерін анықтау немесе жіктеуде, оларға арнайы әрекет танытуда қолданыла алады, демек, бұл талдау – жұмыстың тәжірибелік мәнділігін арттырмақ.
Түйін сөздер: діни тұлға, діншілдік, діни сана, діни әрекет, діни қарым-қатынас, сенім.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-23