Тарихи даму кезеңдеріндегі қазақ философиясының концептілері

Авторлар

  • З. Б. Малгараева КАЗГЮУ Университеті
  • С. А. Касабеков КАЗГЮУ Университеті

Аңдатпа

Мақалада қазақ философиясының тарихи аспектіде ғана емес, заманауи әлемде де үлкен мәнге ие концептілері қарастырылады. Қазақ философиясының саяси бірлік идеологиясы, жер мен мәдениетті сақтау, гуманизм сияқты концептілері талданады. Саяси бірлік идеологиясы түркі дәуірінен бастау алып қазіргі қазақстандық «Мәңгілік ел» идеологиясында көрініс тапқан іргелі концепция ретінде көрінеді. Бұл концепция өлімі жоқ жер іздейтін (Қорқыт ата) «Жерұйық» идеологемасы арқылы, әл-Фараби философиясындағы қоғамның жіктелімі түрінде, Баласағұнның «Құтадғу білік» поэмасындағы Дәулет, Әділ, Қанағат, Ақыл сияқты төрт жалпыадамзаттық құндылықтың теңдігі түрінде сипат алады. Гуманизм табиғатқа, мәдениетке, адамға қатысты адамгершілік талаптардың жиынтығы түрінде сипатталады. Осылардың барлығы қазақтар дүниетанымының біртұтастығымен тығыз байланысты. Адам мәселесі Абай философиясында барынша іргелі түрде көрініс табады. Мақалада қазақ философиясының діни-мифологиялық, көркем-философиялық (Қорқыт ата, Асан қайғы), діни-мистикалық (Иассауи, Бақырғани), әлеуметтік-саяси (Баласағұни) формаларынан рационалдық-логикалық дүниетаным (әл-Фараби) және философиялық публицистика мен лирика (Шоқан, Абай, Мағжан) түрлеріне дейінгі тарихи кезеңдерге бөлінісі, олардың көріну ерекшеліктері қаралады. Қазақ философиясы дүниетанымдық және құндылық ұстанымдарын бүкіл тарихи дамуы кезінде сақтап қалғандығы дәлелденеді.
Түйін сөздер: қазақ философиясы, мораль, қазақ ағарту ісі, әл-Фараби философиясы, гуманизм, саяси философия.

Жарияланды

2018-05-22