Модернизация түсінгінің концептуалдық негіздері мен ғылыми-теориялық қағидалары

Авторлар

  • С. Қайратұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ә. Құранбек Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,

Аңдатпа

Мақалада қазіргі модернизация үдерісін зерттеу барысындағы тұжырымдамаларға шолу жасалынады, әртүрлі ғылыми тұжырымдар мен теориялар сараланып, соның негізінде «Модернизация» құбылысы мен үдерісінің әлеуметтік-философиялық, концептуалдық мәні айшықталады. Модернизация құбылысы мен үдерісінің қазіргі теориялық-әдіснамалық ұстындары мен тұжырымдарын бағамдау арқылы оның әлеуметтік-мәдени және дүниетанымдық өзегі мен әлеуметтік-философиялық қырлары сараланып, қоғамдық қатынастардың даму үдерісінде, оның тарихи эволюциясында кешенділік тұрғысының маңыздылығы жан-жақты айқындалады. Сонымен қатар, модернизацияның әлеуметтегі әмбебапты, өзін ұйымдастырушы өзгерістердің негізі болатындығы көрсетіледі. Модернизация құбылысы мен үдерісін ғылыми сараптауда «модерн» түсінігі қоғам мен мемлекет дамуындағы мәдени-рухани, тарихи-саяси, әлеуметтік-экономикалық кешенді үдерістер жиынтығы екендігі зерттеудің теориялық алғышарты ретінде алынады. Мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, азаматтардың қоғамдағы өмір сүру сапасының артуы, мәдени институттардың орнықты қызметі модернизация үдерісінің негізін құрайтындығы, іргетасы болып табылатындығы байыпталады. Осы тұрғыда, қоғам дамуында дүниетанымдық бағдарлар мен әлеуметтік факторларды зерделеудің маңыздылығына авторлар басымдық береді. «Модернизация» ұғымы категория ретінде тым жалпы және оның баламалы ұғымдары бар екендігі ескеріледі. Сондықтан, осы ұғымға берілген философиялық анықтамалар мен түсініктемелер әрқилы болып келетіні талданады.
Түйін сөздер: модернизация, дәстүр, капитализм, мәдениет, өзін-өзі анықтау.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-22