Орталық Азиядағы діни радикализмнің тамырлары
Аңдатпа
Орталық Азиядағы радикализмнің ішкі және сыртқы белгілері бар. Мақалада Кеңес одағы ыдырағалы бері аймақтағы радикализмнің күш алуына әсер еткен факторлар талданады. Еңбектің басты түйіні: Орталық Азиядағы радикализм – классикалық әлеуметтік қозғалыс теориясы элементтері мен басқа да саяси, геосаяси, тарихи және әлеуметтік факторлардың дәл осы аймақта, тарихтың дәл осы кезеңінде тоғысуынан қалыптасқан құбылыс.
Түйін сөздер: Орталық Азия, радикалдану, діни радикализм, Ислам, терроризм, Хизб-ут-тахрир.







