Рухани эволюция аясындағы адамның жан дүниесі

Авторлар

  • Б. Д. Кокумбаева Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
  • З. Н. Исмагамбетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Н. Е. Смирнова Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Аңдатпа

Мақалада адами болмыстың әйелдік және еркектік бастамалары сияқты басты константалары аясындағы адамның ішкі дүниесінің мәні мен табиғатына деген авторлардың көзқарасы ұсынылған. Екі ірі мәдени-тарихи дәуір ретінде матриархат пен патриархатқа ауқымды компаративті талдау жүргізіледі. Матриархаттың тағдыршешті балалығынан бастап, патриархаттың тамаша жастық шағы арқылы өтіп, адамзат патриархаттан кейінгі немесе неоматриархат сияқты алдыңғы мәдени-тарихи дәуірлерден жинақталған рухани тәжірибені жинақтауға бейімделген жаңа кезеңге аяқ басқандығы туралы қағидаға негіздеме беріледі. Бұл футурологиялық жоба талдаудың көпшілік мақұлдаған философиялық-мәдениеттанушылық әдіснамасының өркениеттілік және аймақтық қырлары (қазақ философиясы, тілі мен этникалық ділі аясында) пайдаланыла отырып ұсынылған. Оны негіздеу үшін архаикалық қауымдастықтардың арғы тілінен бастау алатын халықаралық «ан» универсалиіне де компаративті талдау жасалады. Сөйтіп, жалпы адамзаттық рухани эволюцияның жаңа сатысы ретінде неоматриархат туралы қағида дәлелденеді.
Түйін сөздер: Ана, матриархат, патриархат, неоматриархат, махаббат, Адамгершілік-Қайырымдылық, жаңа ұрпақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20