Ерік пен тағдыр
Аңдатпа
Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің орталығында тұр, оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени дамуы қоғамның демократиялығымен анықталады және өркениеттілігінің негізгі критерийі болып табылады. Ерік пен тағдыр тұлғаның өмір сүруінің шарттары болып есептелінеді. Адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікке иеленеді. Тағдыр абсолютті ұғым емес, құпиялы, ерекше, қайталанбас феномен.
Ерік, еркіндік, тағдырға деген қызығушылық, оның құпиялылығы кез келген адамды өзіне тарта түседі, адамдар өз өмірінде ең құрығанда бір рет болса да, адам еркін бе немесе тағдырына бағынышты ма деген сауалға ойланады.
Мақаланың мақсаты – ерік пен тағдырға берілген анықтамаларды, алуан түрлі көзқарастардың философиялық, діни, психологиялық қырларын ашып көрсету.
Түйін сөздер: Аллаһ, күнә, сауап, ерік, тағдыр, еркіндік, парыз.







