Ислам шариғатындағы «истисхаб» дәлелі
Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада ислам құқығында қандайда бір үкім шығаруда қолданылатын истисхаб дәлелі қарастырылады. Ислам құқық методологиясында діни нормалар белгілеуде бірқатар діни дәлелдер қолданылады. Мұсылман құқықшылары осы дәлелдерді екі категория негізінде қарастырған. Бірінші санаттағы дәлелдерге Құран, сүннет, ижма (консенсус) және қияс (аналогия) жатады. Бұлар бір ауыздан қабылданса, екінші категорияға түрлі көзқарас білдірілген. Истисхаб осы санаттағы дәлелдердің қатарында саналады.
Истисхаб қандайда бір мәселеге қатысты дәлел табылмаған жағдайда қолданылады. Барлық мәзһабтар истисхаб дәлеліне сүйене отырып үкімдер шығарған. Бірақ қолдану ерекшелігіне байланысты ғалымдар оны әр түрлі атаумен қолданған. Истисхаб дәлелі – фиқһ ғалымдары үшін үкімі белгісіз мәселелерді шешуде бір кеңдік пен жеңілдік жасап, мәселелерді тез әрі оң шешуге қолғабыс ететін әдіснаманың бірі.
Түйін сөздер: истисхаб, дәлел, ислам фиқһы, ханафи мәзһабы, ислам шариғаты.
