Әл-Ғазалидің философтарды тәкфирлеуі және әл-Фараби
Аңдатпа
Мақалада ислам философиясының орта ғасырдағы ғылымдар жүйесінде рухани және тәжірибелік-дүниетанымдық тұрғыда атқарған рөлі мен қызметі қарастырылады. Ислам мәдениетінің қалыптасу барысындағы пайда болған ақылдық (ақли) және сенімдік (нақли) бағыттардың елеулі айырмашылықтары мен қарама-қайшылықтары көрсетіледі. Мақалада ислам философиясының беделді өкілдері әл-Фараби мен әл-Ғазали философиясындағы адамдық таным мен құдайы таным туралы исламдық ғылым, философия және дін арақатынасында туындаған негізгі идеялар сарапталады.
Компаративистикалық талдау әдісі арқылы әл-Ғазалидің философтарды күпірлікке шығару мәселесінде осы кезеңге дейін тартысты болып келген басты үш мәселе: 1) Құдайдың жалпыны (кулли) біліп, жекені (жузи) білмеу мәселесі; 2) әлемнің жаратылуы; 3) адамның қайта туылу мәселелері тереңінен талқыланады. Бұл тақырып аясында жазылған әл-Ғазалидің атақты «Философтарды терістеу» еңбегіндегі ортаға шыққан сұрақтарға Фараби еңбектерінен дәлелдер ұсынылады.
Түйін сөздер: Ислам философиясы, әл-Фараби, әл-Ғазали, философтарды терістеу, ақли, нақли, кулли, жузи.







