Әл-Фараби іліміндегі интеллект ұғымы және қазіргі кезең

Авторлар

  • Л. М. Ким Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • О. М. Боретский Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада Шығыстық араб ойшылының интеллект және оның түрлері туралы жазылған «Екінші ұстаз әл-Фарабидың интеллект сөзінің мағынасы туралы» трактаты қарастырылады. Авторлар әл-Фарабидың интеллектің мәні туралы талдауларының қазіргі кезеңдегі өзектілігін атап өтеді. Осыған орай сана (ойлау) мен ақыл (интеллект) арасындағы айырмашылық туралы сұрақ туындайды.Авторлар ақыл (интеллект) нақты ұғымда қажетті және міндетті болатынды іздеуге бағытталғандығын, ал ойлау (сана) «елестетуді құраушы» екендігін көрсетеді, олай болса еркіндік екі форма иеленеді: саналы түрдегі қажеттілік және саналы түрдегі мүмкіншілік. Саналы Адам мен ойлаушы Адам – синонимдер емес, берілген тезис қазіргі күні«интеллектуальды ұлт» және «ойлаушы тұлға» ұғымдарын айыра білу үшін ерекше маңызға ие.
Түйін сөздер: интеллект, ақыл, ой, ойлау, интеллектің түрлері, интеллектің қызметі, интеллектуалды ұлт, ойлаушы тұлға.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20