Діни тұлғаның қалыптасуы және ерекшелігі

Авторлар

  • Ш. Е. Дуанаева Нұр Мүбарак Ислам мәдениеті университеті
  • Ш. Әділбаева Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Д. Капасова Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада біздің қоғамымыздың және әлеуметтік өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған дін және діндегі тұлға мәселесі көтеріледі. Діндегі тұлғаның қалыптасу ерекшеліктеріне аса мән беріледі. Кез келген тұлғаның әлеуметтенуі оның отбасынан басталатыны белгілі. Олай болса, діни тұлғаның қалыптасуының негізгі факторы және алғышарты ретінде оның тәрбиеленген өз отбасын аламыз. Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда, болашақтағы бала тұлғасының діншіл болып қалыптасуына отбасында берілген тәрбиенің және ата-ананың әрекет моделі қалай ықпал етеді деген мәселе көтеріледі. Сонымен қатар, мақалада, діншілдік психологиясын зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі болған: діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, діни тұлғаның өзіндік санасы мен құндылықты бағдарлары деген тақырыптарда зерттеушілердің пікірлеріне талдау жасалынады.
Түйін сөздер: діншілдік, діни тұлға, діни орта, діни сенім, діни сана.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20