Әл-Фараби шығармасындағы рухани құндылықтардың дамуы

Авторлар

  • Ә. К. Бияздықова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ә. Ә. Бияздықова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Әл-Фараби шығармасында адамның рухани құндылықтарында адам жоғарғы ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мен ізгілік адамды тәрбиелеумен қатар адамның өз әрекеті мен қылықтарына үлкен жауапкершілігі болуы керек деп қарастырды. Сонымен қатар әл-Фараби адам туған кезінде парасатты әрекетке бейім, ақыл жететін бейнелерді тану мүмкіндігіне ие дейді. Адамның ақылға деген мүмкіндігіне, әрекетке, актуалды парасатқа жетуі үшін әрекетшіл парасат қажет. Индивидтің әрекетшіл парасат сатысына жетуі дегеніміз, ең жоғары жетілуге жету мүмкіндігі, оған тән күштерді дамытудың белгілі кезеңдерінен өту арқылы жүзеге асады, оларға жататындары: ақылды күш, талпыну күші, қиялдау күші және сезімдік күштер деп айтады. Әл-Фараби этикасына келетін болсақ адамды ізгілік қасиеттерді дамытуға, тәрбиелеуге және дәріптеуге шақырады, адам өз кезегінде ізгілікті өмірге сәйкес өмір сүріп жатқан жанның жақсы әрекеттері мен қасиеттеріне сәйкес әрекет етуі керек, сонда адам бойындағы рухани құндылықтары жоғары дамиды.
Түйін сөздер: қайырымды қала, адам, кісілік, руханилық, адамгершілік, бақыт, мұрат, зерде, ізгілік, еркіндік, теңдік, әділеттілік, абырой, ар-ұят, мақсат, тектілік, борыш, имандылық, салауаттылық, әдептілік, намыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20