Әлеуметтік өзара әрекеттестік категориясы ретіндегі интенционалдылық

Авторлар

  • А. К. Байдлаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік қарым-қатынастардың қалыптасуының және әлеуметтік әрекеттестіктің міндетті шарты ретінде интенция және интенционалдылық құбылыстары қарастырылған. Автор тіл және билік мәселелерін әлеуметтік онтология тұрғысынан, әлеуметтік әлемнің қалыптасуының негізгі ықпалдары ретінде анықтама беруге тырысады. Оған қоса, мақалада институционалдық шындықтың құрылуы мен қызмет етуінде ұжымдық интенционалдылық, статус-функцияларды белгілеу және конститутивті ережелер мәселесі де қозғалады. Заманауи философияны интенционалдылық мәселесі адам санасының кең, антропологиялық мағынадағы бағдарлануы, бағытталуы мәселесі ретінде қызықтырады. Бұл интенциялаудың негіздері мен өлшемдерін тағайындайтын субъектінің белсенді қатысуын білдіреді.
Түйін сөздер: әлеуметтік шындық, интенционалдылық, ұжымдық интенционалдылық, тіл, билік, интенция, статус-функциялар, конститутивті ережелер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20