Этнофольклордағы философиялық ойдың табиғаты

Авторлар

  • Ж. А. Әмірқұлова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Халықтың даналығы мен философиялық дүниетанымын танытатын фольклорлық туындыларды мәдени-философиялық таным негізінде қарастыру бүгінгі қазақ философиясы мен мәдениеттанудағы ең өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз.
Фольклорлық туындыларда халық өзінің өмір сүру құбылыстары мен ойлау табиғатының, болмыс-бітімінің сипатын танытуымен тіршілігінің мәні мен мақсатын көрсетеді. Осыған орай фольклордағы философиялық мәселелер көрінісі халық рухани танымының ерекшелігін анықтап, оған мәдени-философиялық, ғылыми тұжырымдар жасауға методологиялық негіз болары айғақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда да тақырыптың қаншалықты өзекті проблемалардың бірі екендігіне күмән келтіре алмаймыз.
Қазақ халқының мәдени-философиялық таным негізін айғақтайтын фольклорлық туындылардың ерекшелік жақтары мол. Халықтың аңыз-әңгімелері, жыр-дастандары, ондағы халықтың дүниетанымы мен көзқарастарының күрделілігі арнайы зерттеулер жасап, сараптауға лайықты.
Мақала қазақ фольклорының мәдени-философиялық негіздерін зерделеуге арналған. Осы орайда қазақ фольклорының мәдени-философиялық арқаулары, халық даналығындағы рухани ой-кешу сабақтастықтары, фольклортанудағы мәдени-танымдық үрдістер мәселелеріне мәдени-философиялық пайымдаулар жасалынып, фольклор мәдени-философиялық ойлаудың маңызды сатысы екендігіне зерделі зерттеулер жүргізіліп, фольклордың мәдени-философиялық аясына көңіл бөлінген.
Түйін сөздер: этнос, фольклор, этнофилософия, халықтық дүниетаным, халықтық дәстүрлер, ұлттық мәдениет.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-20