Қазіргі таңдағы Қытай сыртқы саясатының артықшылықтары
Аңдатпа
Аталмыш мақалада Қытайдың Орталық Азия аумағындағы аймақтық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелері және Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының рөлі жан-жақты талданады. Қазіргі жаһандану заманындағы Қытайдың сыртқы саясатының басым тұстары, оның негізгі бағыттары, сонымен қатар сыртқы саяси стратегиясының ең тиімді әрі ыңғайлы тұстарын ұстануда АҚШ, Еуропа Одағы және Ресей сынды әлемдік державалармен саяси, экономикалық, қаржылық саясатты дамыту амалдары және аталған елдер арасындағы қауіпсіздік мәселелері, қалыптасқан әскери саладағы серіктестікті жалғастырып, түпкілікті нығайту жолдары қарастырылады.
Түйін сөздер: ұжымдық қауіпсіздік, жаһандану, геосаясат, аймақ, серіктестік.







