Киномузыканы жазудың өзіндік ерекшеліктері
Аңдатпа
Осы мақалада кинофильмдерге музыкалық безендіру жасаудың негізгі аспектілері қарастырылады. Төменде келтірілген мақаланың авторы композиторлардың киномузыка жазуының спецификалық процесі туралы және олар көптеген факторларға байланысты музыкалық шығармашылықтың осы түрінде тап болатын қиындықтар туралы мәселені көтереді. Мақалада кино композиторының кәсіптік құзыреттілігінің, сондай-ақ шығармашылық қызметтің бұл түріне тән ой мен эмпатияға, психологизмге қабілеттің ерекше типінің проблемасы қозғалады. Мақалада киноның аса маңызды құрауыш элементтерінің бірі ретінде киномузыка феноменінің, сондай-ақ көркем және деректі фильмдер жасау кезінде композитордың жұмысының маңызын абсолютті түрде қайта ой елегінен өткізу проблемасы қарастырылады. Мақалада сондай-ақ экрандық өнер түрлеріне арналған музыка жазу жөніндегі бірқатар әдістемелік ұсыныстамалар берілген.
Түйін сөздер: киномузыка, кинофильм, композитор, музыкалық безендіру, музыкалық шығармашылық, эмпатия.







