Канаданың мультимәдениет саясаты
Аңдатпа
Мультимәдениет саясаты–қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі аса маңызды мәселелердің қатарында. Бұл саясат негізінен миграциялық ағымдарға байланысты туындап отыр. Мультимәдениет идеясы ресми мемлекеттік саясат жәнеұлтты қалыптастыру бойынша бағдарлама ретінде ең алғаш Канада еліндепайда болды.Қазіргі таңда бұл саясат елдің ресми мемлекеттік саясатына айналып отыр. Канада еліндегі мультимәдениет саясаты заңнамалық тұрғыда жетілдіріліп, мәдени саяси стратегия болып қалыптасқан. 1988 жылдың шілде айындаКанадамемлекеті алғашқылардың бірі болып, мультимәдениет туралы Акт қабылдады. Құжатқа сәйкес мультимәдениет – канада қоғамының негізгі бағыты. Бұл бағыт түрлі мәдениеттерді қорғап, оларға қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі.
Түйін сөздер: Канада, саясат, мәдениет, миграция, этникалық топтар, сыртқы саясат.







