Ислами білім берудің қазақстандық моделі: исламтану ғылымының өткені мен бүгіні
Аңдатпа
Кең далада көшіп-қонып өмір сүрген көшпелі қазақ қауымына ислам дінінің таралуы талай ғасырға созылған күрделі тарихи жолды басынан өткізді. Осыған ілесе, ислам діні таралған өңірлерде исламдық оқыту жүйесі де біртіндеп жалпыласып, тарала бастады. Бұл үдеріс жаңаша оқыту кезеңі басталғанға дейін жалғасты.
Бұл мақалада қазақ даласындағы медреселер жүйесінен бастап қалыптасқан исламтану ғылымына дейінгі аралықтағы күрделі даму барысы жөнінде қысқаша тарихи дінтанулық талдау жасалынады.
Түйін сөздер: медресе, ислам, дін, мәдениет, мектеп.







