Қазақстандағы неопаганистік қозғалыстар: «Ақжол» ұйымы мысалында

Авторлар

  • С. С. Асанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан аумағында тәуелсіздіктен кейінгі жылдары пайда болған деструктивті сипаттағы «Ақ жол» қозғалысы туралы баяндалады. «Ақ жол» қозғалысының қызметінде адамның денсаулығына зиян беретін, психологиялық тұрғыдан зиянды белгілер айқындалды. Бұл қозғалыс діни сауаты төмен қара халықты киелі жерлерді зиярат жасату арқылы барлық рухани әрі материалдық проблемалардан арылтуды насихаттайды. Ғұрыптық қызметтерінде оккультті мистикалық ағымдарға тән элементтер қолданады. Киелі орындарды аралату, құрбандық шалу секілді ғұрыптарға кететін барлық шығындар адепттер тарапынан төленеді. Ақжол қозғалысы шын мәнінде коммерциялық сипаттағы деструктивті ағым екені осы жолға түсіп алданған көптеген адамдардың айтқандарынан анық аңғарылады.
Түйін сөздер: ақ жол, деструктивті секта, әруақ, әулие, аққу, сұңқар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-03