Альтруизм: философия мен дін призмасынан бір көзқарас
Аңдатпа
Альтруизмді қазіргі этиканың лозунгі екендігін ешкімнің теріске шығара алмасы аян. Солай бола тұра, бүгінгі адамдарға альтруизм принципін қай жолмен жүзеге асыра аламыз деген сұраққа әлі де толыққанды жауап берілген жоқ. Тарихи негізі тұрғысынан мейірімділік пен қамқорлықтың дәстүрлі діни практикасына байланысты болып табылатын альтруизм түсініктің эволюциясына үңіліп қарасақ, альтруизмді жүзеге асыру барысында діни сезімнің неғұрлым тиімді әрі әсерлі екендігі өз-өзінен анық болады. Мақала альтруизм түсінігінің өткен мен қазірғі заманда қалай түсініліп жүзеге асырылғандығы туралы ой-пікір түйіп отыр. Әр адамның өзге адамдар мен бүкіл әлемге альтруизм сезімімен қарау қаншама маңызды екенін түсіндіріп жатыр. Шығыс пен Батыс ойшылдарының пікірлерін талдауға салып, альтуризм туралы зайырлы және діни түрде ойлау барыстары арасында маңызды ұқсастықтардың жиынтығы көрсетіліп отыр. Салыстырмалы әдіс арқылы альтруизмнің тек қана зиялы қауым емес, бойларын тереңдеп дінге алдырған жандар тарапынан да жүзеге асырылуы мүмкін болмақ түгіл, тиіс екендігі анықталып отыр.
Түйін сөздер: альтруизм, «эго», императив, «суфизм», Құран, ағарту заманы.







