Ислам дінінің таралу тарихы және ерекшеліктері

Авторлар

  • А. Д. Құрманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Д. С. Утебаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Дінмен байланысты жағдай әлемде және елімізде түрлі өзгерістердің туындауына себеп болды. Бұл өз кезегінде, дін мен мемлекет, адам мен қоғам арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған көптеген іргелі зерттеулерді қажет етеді. Жаһандық деңгейде орын алған исламофобиялық көңіл-күйлер және исламмен байланысты қоғамның радикалдану үдерістері осы мақаланың жазылуына себеп болды. Авторлар мақалада, бүгінгі таңда өзекті болып отырған ислам дінінің таралуы мен жаңғыруы мәселесін қарастырады. Исламдандыру және реисламдандыру ұғымдарына анықтама берудің күрделілігін және қазіргі кезеңдегі исламның саясилануын айта отырып, исламдандыру теорияларына тоқталады. Мақала барысында, исламды таратудағы Мұхаммед пайғамбардың алатын орны мен рөлі жөнінде сөз қозғалады. Сонымен бірге, ислам дінінің негізі болып саналатын дағуат туралы талдау жасалады. Дағуат пен миссия арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырылып, түсіндірме беріледі. Мақалада, исламдағы дағуаттың жүйеленуі, заманауи ислами миссионерлік ұйымдардың пайда болуы туралы қысқаша айтылады.
Түйін сөздер: исламдандыру, реисламдандыру, дағуат, миссия, Мұхаммед пайғамбар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-03