Асан Қайғының жерұйық идеясының философиялық мәні және мәңгілік ел идеясы

Авторлар

  • Б. М. Аташ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • К. Толысбай Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Аңдатпа

Мақалада әрбір мемлекет өзінің даму мен өркендеуі үшін мұраттар құрып алатындығы айтылады. Ол сәйкесінше, біздің елімізде де орын алып отырған құбылыс. Бірақ бұл жуық маңдағы тактика емес. Қазіргі Қазақстандағы мұндай ұстаным: Мәңгілік Ел идеясы. Мақалада Асан Қайғы бабамыздың Жерұйықты іздеуі туралы аңыздың мәні көрсетіледі. Атап айтқанда, «мемлекетіміздің сол кездегі территориясын» белгілеуші деп атай аламыз; болашақ ұрпақтарына «оны мәңгілікке сақтай біліңдер» деген ұлтжандылық-тәлімгерлік өсиет тастағаны туындайтындығы; осыдан оның туған даласына деген сүйіспеншілігі, шексіздігі мен кеңдігіне деген сезімі анық байқалатындығы т.б. қазіргі Мәңгілік Ел идеясымен сабақтасатын тұстары көрсетіледі.
Түйін сөздер: Асан Қайғы, Жерұйық, Мәңгілік Ел, оптимизм, қазіргі заман, отаншылдық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-03